9 желтоқсан, Дүйсенбі

Қазақ спортшысы Әлем чемпионы атағына таласқан спортшыны жеңді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Нұрсұлтан «Сұлтан» Қасымханов АСА тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласқан спортшыны айқын басымдылықпен жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Нұрсұлтан Қасымханов Алматыда АСА мен «Алаш Прайд» тұжырымы бірлесе өткізетін халықаралық турнирде өнер көрсетіп, қарсыласын көгала қойдай сабады. Отандасымыз АСА 102 турнирінде АСА тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласқан спортшы Александр Педусонды (12-3) ұтты. Қос спортшы жартылай жеңіл салмақта (66келі) сынға түсті. Нұрсұлтан бұл жекпе-жектен кейін, АСА тұжырымымен 6 жекпе-жекке келісімшартқа отырды.

Айта кетейік, әу баста, отандасымыз UFC тұжырымының бұрынғы спортшысы болған Августо Мендеске (6-3) қарсы жекпе-жек өткізу керек болған.

Бөлісу

.