9 желтоқсан, Дүйсенбі

Лионель Месси — «Алтын доптың» алты дүркін иегері атанды

0

Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Парижде футболдан 2019 жылғы «Алтын доп» иегерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл бұл атақты Аргентин құрамасы мен каталониялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси иеленді. France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегері әлем елдері тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталған. Ең көп дауысқа ие болған Лео Месси мансабында алтыншы рет бұл жетістік шыңын бағындырып, рекордты жаңартты.

Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға Вирджил Ван Дейк тұрақтаған. Ал Криштиану Роналду болса үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетейік, биылғы ФИФА «The best» сыйлығын да Лионель Месси иеленді.

Бөлісу

.