2 шілде, Бейсенбі

Айдос Ербосынұлы WBА рейтингінде 2-ші орынға жайғасты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (12-0, 8КО) WBА рейтингінде жоғарылады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

WBA тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кіретін Айдос Ербосынұлы бірінші орынға жақындап қалды. Қазір қазақстандық боксшы суперорта салмақта 2-ші сатыға көтерілді.

Айдос Ербосынұлы  соңғы жекпе-жегінде Сиднейде жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз үш бірдей белбеуін (WBO — WBO Global, WBA International және WBC Asia Continental) қорғап қалды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері желтоқсан айының 21-і күні Ресейдің Красноярск қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады.

Бөлісу

.