9 желтоқсан, Дүйсенбі

Ресей палуаны қазақ күресінен «Әлем барысы» атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Алматыда «Әлем барысы» турнирі өзі мәресіне жетті. Ақтық белдесуге Ресей палуаны Роман Бобиков пен Айбек Нұғымаров шыққан болатын, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Тартысты өткен белдесуде ресейлік балуан басым болып «Әлем барысы» атанды. Ал Айбек Нұғымаров күмісті қанағат тұтты.

Жартылай финалда өзбек палуаны Мухсин Хисамиддиновтен басым түскен Мақсат Исағабылов жарыстың қола жүлдесін иемденді.

Айта кетейік,  биылғы «Әлем барысы» жарысының жүлде қоры 20 миллион теңгені құрады. Жеңімпаз 10 миллион теңге және алтын белбеуді иемденсе, екінші орын иегері 6 миллион теңге және үшінші орын иегері 3 миллион теңгемен марапатталды.

Бөлісу

.