9 желтоқсан, Дүйсенбі

Қорғаныс министрлігінің командасы ҚР Тұңғыш Президенті Кубогын жеңіп алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордадағы «Жекпе-жек» сарайыында  қоян-қолтық және әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнир өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кубогы үшін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің ең мықты балуандары бақ сынасады. Барлығы 409 спортшы қатысты,олардың ішінде әлем, Азия және Еуропа чемпиондары, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 70-тен астам ҚР спорт шебері, бірнеше жүзден астам кандидат және қоян-қолтық ұрыс бойынша бірінші дәрежелі иегерлері бар.

Турнирдің жабылу салтанатына Премьер-министр Асқар Мамин, қорғаныс министрі – Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдстығының төрағасы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Сергей Астахов, Парламент депутаттары, министрліктер мен күш құрылымдарының басшылары және басқалар қатысты.

Әскери қоян – қолтық ұрыс бойынша жалпыкомандалық есепте ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасы үздік деп танылды, екінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары ие болса, үшінші орынға ҚР Ішкі істер министрлігінің командасы және Өзбекстан құрама командасы табан тіреді.

Қоян – қолтық ұрыс бойынша ерлер арасындағы жеке біріншілікте ең үздік деп танылғандар, 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде – Жандос Мадехиянов (ҚР ҚМ), 60 кг дейін – Бауыржан Сұлтанов (ҚР ҰҰ), 65 кг дейін – Шыңғыс Жанғазы (ҚР ҰҚК), 70 кг дейін – Данияр Қойшыбек (Айбын), 75 кг дейін – Айдын Төлепбаев (ҚР ІІМ), 80 кг дейін – Магомед Кабардиев (Ресей), 85 кг дейін – Демей Бексұлтан (ҚР ҰҚК), 90 кг дейін – Мирас Шынтасов (Атырау облысы), 90 келі салмақ дәрежесінен жоғары-Жеңіс Ердәулет ие болды (ІІМ қсқб).

Қоян – қолтық ұрыстан нәзік жандылар арасында: 50 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Томирис Жүсіпова (Ақмола облысы), 55 кг дейін – Зинаида Белоусова (ҚР ҚМ), 60 кг дейін – Регина Максимова (ҚР ҚМ), 65 кг дейін – Сора Рахмонова (ҚР ҚМ), 70 кг дейін – Талшын Жұматаева (ҚР ҚМ), 75 кг дейін – Күндиас Сағындықова («Запад» РгК), 75 кг астам-Умида Садықова (ҚР ҚМ).

Бөлісу

.