9 желтоқсан, Дүйсенбі

«Хабар» арнасы Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Хабар» телеарнасы Садриддин Ахмедовтың (10-0, 9 КО) Канададағы  жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегін 7-желтоқсан күні Канада елінде өткізеді.  WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы» Давид Льеме мен Макс Бурсак арасындағы жекпе-жектің андеркардында аргентиналық Хосе Антонио Вильяболоспен қолғап түйістіреді. Бірінші орта салмақта өтетін кездесу 10 раундқа жоспарланған. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей трансляциядан 8-желтоқсан күні таңғы 7:00-де көрсетеді.

Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды.

Бөлісу

.