9 желтоқсан, Дүйсенбі

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Эстониядағы халықаралық турнирде жүлделі орыннан көрінді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Үстел теннисінен Таллинде өтіп жатқан «Estonian Open» халықаралық турнирінде командалық сын аяқталды. 15 мемлекеттің қатысуымен өтіп жатқан бәсекеде Қазақстан намысын Зәуреш Ақашева қорғап жатыр. Ол Польшаның ATS east rent Białystok клубының сапында сынға түсіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. Зәуреш польшалық Габриэла Дышкевич және Моника Терешкевичпен бір топта сынға түскен.

Енді қазақстандық спортшы жекелей сында өнер көрсетеді

Бөлісу

.