9 желтоқсан, Дүйсенбі

Тарихи жеңіс! «Астана» өз алаңында «Манчестер Юнайтедтен» басым түсті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі бесінші ойында «Астана» ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасын ұтты, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нұр-Сұлтанда өткен ойында қазақстандық Англиядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты. «Қызыл сойқандар»  қазақ жеріне жас ойыншыларын алып келді. Олардың көпшілігі бұрын-соңды негізгі құрамда ойнап көрмеген. «Астанаға» қарсы алғашқы ойындарына шықты. Команданың бас жаттықтырушысы Уле-Гуннар Сульшер жастардың қарымын байқап көргісі келді.

Манкуниандық команда ойынды ширақ бастады. 10 минутта команда капитаны Джесси Лингард шеберлік көрсетіп, ойында есеп ашты. Араға 10 минут сала «Астананың» есеп теңестіретін мүмкіндігі болған. Алайда Дорин Ротариу өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Екінші таймда «Астананың» шабуылда адуыны артты. 55 минутта Дмитрий Шомко есепті теңестіріп, қазақ жанкүйерлерін қуантты. 62 минутта елордалық команда есепте алға шықты. Бернард өз қақпасына гол соқты. Бұл гол қазақстандық клубқа жеңіс сыйлады.

Бөлісу

.