9 желтоқсан, Дүйсенбі

Нұрмахан Тінәлиев Мәскеудегі Гран-при турниріне қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев Мәскеудегі Гран-при турниріне қатысады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Мәскеуде (Ресей) грек-рим және еркін күрестен Гран-при турнирі өтеді. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да шақырту алған. Жарысты ұйымдастырушылар шақырту жіберген спортшылар арасына Нұрислам Санаев, Асхат Ділмұхамедов пен Мейрамбек Айнағұловтар бар. Алайда, бұл балуандар турнирге қатысудан бас тартты. Олардың орнына грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен Нұрмахан Тінәлиев (130 келі) қатысады.

Айта кетейік, бұл Нұрмахан Тінәлиевтің жарақатынан кейінгі алғашқы турнирі болмақ.

Бөлісу

.