9 желтоқсан, Дүйсенбі

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

0

Жеңіл салмақта UFC чемпионы,  дағыстандық Хабиб Нурмагомедов Алматыға арнайы қонақ боп келеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Дағыстандық аралас жекпе-жек майталманы Хабиб Нурмагомедов Алматы қаласында өтетін GFC турнирінің құрметті қонағы болмақ. Соған орай, жеңіл салмақта UFC чемпионы арнайы Алматыға ат басын бұрып, жарысты көрермендермен бірге көреді.   25-желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз  Қуат «Найман» Хамитов (18-7) кездесу өткізіп, тұжырымның әлем чемпионы атағына таласады. «Найман»  чемпиондық белбеу үшін Нурулло Алиевке (4-0) қарсы сынға түседі.

Айта кетейік, Қуаттан бөлек, бұл додада Жасұлан Әкімжан, Руслан Сариев, Дәурен Ермеков сынды спортшылар сынға түседі.

Бөлісу

.