9 желтоқсан, Дүйсенбі

Ресми: Қуат Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекті Алматыда өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекті Алматыда өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов (18-7)  Gorilla Fighting Championship тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз 25-желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін Gorilla Fighting Championship 23 турнирінде жекпе-жек өткізіп, тұжырымның әлем чемпионы атағына таласады. «Найман»  чемпиондық белбеу үшін Нурулло Алиевке (4-0) қарсы сынға түседі.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов  Fight Nights Global  тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовқа (23-3-0) қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіліске ұшыраған болатын.

Бөлісу

.