9 желтоқсан, Дүйсенбі

Роберт Левандовски Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Чемпиондар лигасы топтық кезеңі аясында өткен«Црвена звезда» мен «Бавария» кездесуінде рекорд орнатылды, деп хабарлайды,  — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Мюнхендік клубтың шабуылшысы Роберт Левандовски турнир тарихындағы ең жылдам покерді жасаған. Польшалық футболшыға төрт гол соғу үшін 14 минут 31 секунд кеткен.

Левандовски аталмыш турнирдегі ең үздік 5 страйкер қатарына жататынын айта кету керек (60). Тізімде форвард алдында мына ойыншылар жайғасқан: Роналду (127), Месси (113), Рауль (71) және Бензема (64).

Бөлісу

.