9 желтоқсан, Дүйсенбі

Олжас Абраев ҚКФЛ президентіне қайта сайланды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кезекті Жалпы жиыны өтті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Күн тәртібіне өкілетті мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев қайта сайлау мәселесі қойылды.
Жалпы жиынға қатысушылардың барлығы (лига мүшелері — футбол клубтары) Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті қызметіне Олжас Абраев қайта сайлауға дауыс берді.
Ұйым жарғысына сәйкес, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Жалпы жиын отырысында екі жыл сайын сайланады.
Бөлісу

.