9 желтоқсан, Дүйсенбі

Мерген қыздар үшінші орын иеленді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Таиландта өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы блоктық садақ ату бойынша Иран құрамасын 231-227 есебімен жеңіп, қола медальге ие болды. Бұл сайыста еліміздің намысын Адель Жексенбинова, Диана Макарчук және Виктория Лян қорғады.

Құралайды көзге атқан атлеттеріміз жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасынан 226-225 есебімен жеңілді. Кореялық спортшылар алтынға қол жеткізсе, екінші орынды олимпиадалық атлеттер командасы иеленді.

Садақ атудан Азия чемпионатында 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия сарапқа салынады.

Бөлісу

.