9 желтоқсан, Дүйсенбі

Жыл жекпе-жегі: Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін Тони Фергюсонға қарсы өткізеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы ресейлік спортшының менеджері Али Абдельазиз мәлімдеді. 

— Кеттік. Чемпион Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды. Бұл жігіт көптен бері таяқ жегісі келіп жүрген. 18 сәуір. Бүркіт Бруклинге тағы бір рет қонады. Бәрі жанкүйерлер үшін, — деп жазды менеджер.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 7 қыркүйекте Абу-Дабиде өткен UFC 242 турнирінде америкалық Дастин Порьерді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Бөлісу

.