Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) танымал бапкер Фредди Роучтың АҚШ-тағы Wild Card Gym залында жаттығып жүр, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Боксшы Instagram парақшасында дайындығының видеосын жүктеген. Әзірге оның шаршы алаңға қашан оралатыны белгісіз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Абылайхан Құсайынов соңғы жекпе-жегін 5 шілде күні Алматы қаласында өткізген. Аталмыш кеште ол армениялық Гарник Харутюнянды (3-2, 2 КО) үшінші раундта жеңді.