9 желтоқсан, Дүйсенбі

Головкин баласына өз есімін қойған жанкүйерді құттықтады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин аргентиналық жанкүйердің ұлына өз құрметіне атын қойғанына қатты қуанды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Бұл үшін мақтанамын! Қолдау көрсеткені үшін жанкүйеріме рақмет. Болашақ чемпионға ізгі тілектерімді жеткізіңіз!»- деп жазды Головкин Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, 23 қарашада жанкүйер Twitter желісінде мәлімдеме жасаған. Онда ол немере ағасы Густаво Авеведо GGG-дің құрметіне ұлының атын Геннадий Микеас Асеведо деп қойғанын жазған. Бала 2017 жылдың қыркүйегінде дүниеге келген.

Бөлісу

.