9 желтоқсан, Дүйсенбі

Дэвис кубогы: Пәкістан мен Үндістан арасындағы матч Қазақстанда өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дэвис кубогының іріктеу кезеңіне жолдама беретін Пәкістан мен Үндістан құрамалары арасындағы матч 29 және 30 қарашада Нұр-Сұлтанда өтеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Азия және Мұхит аймағының іріктеу матчының жеңімпазы Хорватия құрамасымен 2020 жылы қарашада Мадридте өтетін Дэвис кубогының финалдық турниріне берілер жолдамаға таласады.
Ойын кестесі Үндістан — Пәкістан:
29 қараша сағат 14:00-де басталады
30 қараша сағат 12:00-де басталады

Айта кетейік, Пәкістан мен Үндістан бірнеше онжылдықтар бойы Джамму мен Кашмирде шекаралық қақтығыстарды жүргізіп келеді. Сондықтан күтпеген оқиғалардың алдын алу үшін матчты бейтарап жерде өткізу туралы шешім қабылданған.

Бөлісу

.