9 желтоқсан, Дүйсенбі

Қазақстандық каратешілер Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Каратеден Қазақстан командасы Испанияның Мадрид қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жиынға әлемнің он мемлекетінен алпыстан аса спортшы қатысуда. Олардың қатарында Жасталап Санауов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да бар. Бірлескен жаттығу жиынына Қазақстан атынан 9 спортшы қатысуда.

Олар – Азия ойындарының чемпионы Гузалия Гафурова мен Дархан Асаділов, Азиада жүлдегері Данияр Юлдашев пен Дидар Әмірәлі және халықаралық сындарда көзге түскен Қазақстан командасының өзге де мүшелері.

Аталған жиын 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтетін биылғы маусымдағы Премьер-лиганың соңғы кезеңі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Бөлісу

.