9 желтоқсан, Дүйсенбі

Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлыны еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті,   — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және еліміздің 11 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қалалардан келген 80-нен астам боксшы 8 салмақ дәрежесінде Шоқыр атамыздың жүлдесін сарапқа салды.
Бірден айту керек турнирге еліміздің бетке ұстар былғары қолғап шеберлерімен қатар Өзбек пен Тәжік елдерінен де Азия чемпиондары мен әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысты. Қазақ елі боксшыларының арасында да әлем, Азия чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спортшылар көп болды.

Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХІІ халықаралық турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

52 келі
1 орын — Азат Махметов (Нұр-Сұлтан)
2 орын — Дүйсенбай Қуаныш (Маңғыстау)
3 орын — Олжас Байниязов (Атырау)
3 орын — Самат Жетібаев ( Маңғыстау)

57 келі
1 орын — Серік Теміржанов (Павлодар)
2 орын- Рүстем Шауменов (Қарағанды)
3 орын — Жанболат Қыдырбаев ( Жамбыл)
3 орын — Саматәлі Төлтаев ( Маңғыстау)

63 келі
1 орын — Бахадүр Осмонов (Тәжікстан)
2 орын — Ертуған Зейнулинов (ШҚО)
3 орын — Закир Сафиуллин (Шымкент)
3 орын — Сабыржан Бекбергенов (Ақмола)

69 келі
1 орын — Сұлтан Шаршов (Маңғыстау)
2 орын — Дулат Бекбауов (Жамбыл)
3 орын — Мәулен Өскенбек (Маңғыстау)
3 орын — Сайфолла Эркинбаев (Өзбекстан)

75 келі
1 орын — Әбілхан Аманқұл (Жамбыл)
2 орын — Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда)
3 орын — Жүсіп Қуандық (Қызылорда)
3 орын — Ерік Әлжанов ( Маңғыстау)

81 келі
1 орын — Нұрас Жеңіс ( Маңғыстау)
2 орын — Таалайбек Айтбекуулу (Қырғызстан)
3 орын — Арман Нұрасылов (Маңғыстау)
3 орын — Илес Ушаев ( Ресей, Чечня)

91 келі
1 орын — Бек Нұрмағанбет ( Түркістан)
2 орын — Нұрлан Сабиров ( Маңғыстау)
3 орын — Оңталап Рахманов (Қызылорда)
3 орын — Бектур Алымбекуулы (Қырғызстан)

+91 келі
1 орын — Еркін Мұқаметжан (Атырау)
2 орын — Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау)
3 орын — Шермахамат Хакимов (Қырғызстан)
3 орын — Абдулла Худоргонов (Өзбекстан)

Бөлісу

.