9 желтоқсан, Дүйсенбі

Майк Тайсон: Конор Хабибті ешқашан жеңе алмайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқой бокс әлемінде аты аңызға айналған тұлға, Майк Тайсон: «Хабиб Конорды жеңді, дұрыс па? Олар тағы да төбелеспек ойда. Халық екеуінің жекпе-жегін көруге құмар. Конор Хабибті жеңе алмайды. Ол оны ешқашан жеңе алмайды. Бірақ халық екеуінің төбелесін көру үшін ақы төлеуге дайын. Олай болса, неге 10 рет төбелеспеске? Адамдар Конордың он рет қатарынан жеңілетін төбелесін көру үшін ақша төлей береді. Бұл – маркетинг, миллиондар, миллиардтар» – деп мәлімдеді.

Ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов 2018 жылы 6 қазанда UFC тұжырымы аясында өткен жекпе-жекте алғаш рет күш сынасқан болатын. Ол кезде Хабиб қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп, чемпиондық атағын алғаш рет қорғады. Содан кейін Конор карьерасын аяқтағанын мәлімдеп, октагонға оралған жоқ. Ал Хабиб болса, америкалық Дастин Пуарьеге қарсы жекпе-жек өткізіп, қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Осылайша чемпиондық атағын екінші рет қорғады.

Ережесіз жекпе-жек әлемінде шоу жасаудан алдына жан салмайтын Конор Макгрегор 2020 жылдың қаңтар айында октагонға оралады деп күтілуде. Егер ол спорттағы мансабын ары қарай жалғастыратын болса, алдағы жылы төбелесуі мүмкін қарсыластарының қатарында Хабибтен басқа Хорхе Масвидаль, Тони Фергюсон, Нейт Диаз, Ник Диаз, Камару Усман және Колби Ковингтон бар.

Бөлісу

.