15 Желтоқсан, Жексенбі

АҚШ-та тұратын қазақстандық боксшы Шымкент әкімімен жүздесті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін  Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязовты қабылдады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Кездесу барысында тараптар екі елдегі құқық қорғау органдарының ел алдындағы беделі мен аталған сала жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесін сөз етті.

Өзінің шетелдік қызметіндегі жұмысы туралы айтқан Димаш Ниязов Нью-Йорк полициясының материалдық-техникалық жабдықталуына тоқталып өтті.

Оның айтуынша,  кез келген патрульде тұрғындардың базасы тіркелген құрылғысы бар. Онда саусақ іздері арқылы санаулы минуттар ішінде өздері тоқтатқан адамның кім екенін біліп отырады.

Оңтүстік өңіріне төрт күндік демалысқа келген жерлесіміз Д.Ниязов осында келу мақсатын да айтып өтті.

«Менің Шымкентке келу себебім осындағы әріптестеріме полицияның ел алдындағы беделін көтеру және құқық қорғау саласын оңтайландыру бойынша өзімнің халықаралық тәжірибиеммен бөлісу. Осылайша, Қазақстан полициясының дамуына кішкене де болса үлес қоссам мен үшін үлкен мәртебе» деді американдық полицей.

Бөлісу

.