15 Желтоқсан, Жексенбі

Олимпиадаға екі ауыр атлетіміз ғана қатыса алады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Токио Олимпиадасына Қазақстанның атынан екі ауыр атлет ғана қатысады,   — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстанның олимпиадаға лицензия алуы шектеліпті. Бұған себеп отандық спортшылар іліккен допинг жанжалы болған. Енді 2020 жылы болатын Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғауға небәрі екі ауыр атлетші қатысады.

2016 жылы басталып, біраз уақытқа дейін ушыққан допингтік шудан кейін мемлекетіміз дәл осындай шектеуге ұшырапты. Сол кезде еліміздің ауыр атлетикамен айналысатын спортшыларды тыйым салынған препараттарды пайдаланған деп кінәлаған болатын. Олардың 2008 және 2012 жылғы жетістіктері де талқылауға салыныпты. Соның салдарынан қазақстандық шенеуніктер допингты қолданғандарға жазаны күшейтуді қолға алған. Бүгінгі таңда ережені сенатта мақұлдаған. Дегенмен бұл үшін түрмеге ешкімді қамайын деп жатқан жоқ. Қолданылатын жаза ретінде 200 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу, жарыстарға жіберілмеу және марапаттарынан айыру қарастырылыпты.

– Бұл біздің жаңа ережеміз. Егер допингті пайдаланғаны анықталса, бұл әрекетке қатысы бар спортшы да, жатттықтырушы да, оған қоса медициналық қызметкерлер мен басқа да жауапты адамдарға арнайы жаза қолданылатын болады. Ал жүлделі орын алған спортшыларға берілген үйді допинг қолданған спортшылар 10 жыл көлемінде өз атына аудара алмайды, — деп мәлімдеді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Бөлісу

.