15 Желтоқсан, Жексенбі

Жалғас Жұмағұлов: Кез келген мықты спортшымен шығуға дайынмын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Аса жеңіл салмақта Fight Night Global чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC тұжырымындағы кез келген мықтымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты,  — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Fight Nights Global 95 турнирінде UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутиновті  (20-6) жеңген Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік тұжырым UFC-дегі кез келген мықты спортшымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

«Кез келген мықты спортшымен жекпе-жек өткізуге дайынмын. Тек жекпе-жек ұйымдастырсаңдар болды», — деді Жалғас.

Айта кетейік, Жалғастың бұл Fight Nights тұжырымындағы соңғы жекпе-жегінде чемпиондық атағын сәтті қорғады. Енді ол UFC тұжырымына ауысуы әбден мүмкін.

Бөлісу

.