15 Желтоқсан, Жексенбі

Алматыда «Әлем барысы» өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Алматы қаласында қазақ күресінен түйе балуандар арасындағы «Әлем барысы» әлем чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды  Qsport.kz  порталы.

2-желтоқсан күні Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында болатын беделді бәсекеге 30 елдің спортшылары қатысады. Бұл додада ел намысын Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Айбат Сейтен және Нұрдаулет Жарылғапов қорғайды.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы «Әлем барысы» абсолютті әлем чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, «Әлем барысы» 22-желтоқсан күні «Балуан Шолақ» спорт сарайында өтеді. Билеттер ticketon.kz сайтында, «Барыс Арена» кассасында және «Меломан» дүкендер желісінде сатылымда. Билет құны 500-5000 тг.

Бөлісу

.