15 Желтоқсан, Жексенбі

Осакада Grand Slam турнирі қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз басталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін Осакада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды. Жарыстың бірінші күнінде ерлер -60, -66, әйелдер -48, -52 және -57 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынауда.

Өкінішке қарай, бүгін татамиге шыққан барлық қазақстандық дзюдошы қарсыластарына бірінші айналымда есе жіберді.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен Рустам Ибраев алғашқы айналымда ресейлік Аюб Блиевтен вазари ұпайымен ұтылды. Ал Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) болса жапониялық Кога Уаканадан, Севара Нишанбаева (-57 кг) Момо Тамаокиден жеңіліп қалды.

Grand Slam жарысы 24 қарашаға дейін жалғасады. Оған әлемнің 87 елінен 485 татами шебері қатысып жатыр. Осака татамиінде Қазақстан сапынан 10 дзюдошы күресетін болады.

Бөлісу

.