9 желтоқсан, Дүйсенбі

Қазақ қызы әлем чемпионы атанды

0

Қазақстандық спортшы Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Мөлдір Мекенбаева неваза бөлімі бойынша финалға шығып, ресейлік тәжірибелі спортшыны қылқындыру әдісімен жеңді.

— Спортшы ретінде тұғырда тұрып, қолыңды жүрегің қойып тұрып отаныңның әнұранын айтқанда қандай сезімде болатынымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ал алтын қандай еңбекпен келгенін ойласаң қуанышың еселене түседі, — деп жазды спортшы қыз Instagram парақшасына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mekenbayeva Moldir???????????????? (@mekenbayeva)20 Ноя 2019 в 7:25 PST

 

Бөлісу

.