15 Желтоқсан, Жексенбі

Қазақстандық боксшы Дубайдағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Әбілхайыр Шегалиев (7-0, 4КО) кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әбілхайыр Шегалиев 22 қазан күні Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

BoxRec мәліметінше,  Әбілхайыр Шегалиев 39 жастағы угандалық боксшы Мухамад Себьяламен (19-12-1, 16 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Әбілхайыр да, оның қарсыласы да бірінші орта салмақ лимиті — 69,9 келіден аспады, 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от MTK KAZAKHSTAN (@mtk_kazakhstan)

Айта кетейік, Әбілхайыр Шегалиев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 12 қазан күні Алматы қаласында грузиялық Сандро Джаджанидзеге қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Бөлісу

.