9 желтоқсан, Дүйсенбі

Бекзат Нұрдәулетов WBO чемпионымен бірге жаттығу өткізді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов танымал бапкер Фредди Роучтың АҚШ-тағы Wild Card Gym залында жаттығып жүр, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бекзат Нұрдәулетов екінші орта салмақта WBO чемпионы Хильберто Рамиреспен спарринг-кездесу өткізген. Бұл туралы боксшының бапкері Марат Жәкиев Instagram парақшасында жазды. 

Бұған дейін қазақстандық боксшы орта салмақта WBC бұрынғы чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) және орта салмақта бірнеше белбеуден үмітті болған Габриэль Росадомен (24-12-1, 14 КО) спарринг өткізген еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Атап өткендей, қазіргі таңда Амермика Құрама Штатында біліктілігімді шыңдаудамын. Кәсібқой бокстан WBC тұжырымының әлем чемпионы болған Хулио Сезар Чавес @jcchavezjr және өте тәжірибелі Габриэль Росадо @kinggabrosado сонымен қатар әлемдік рейтингте 40 жекпе-жек өткізіп (26 KOs) оның барлығында жеңіске жеткен Гильбэрто Рамирес @zurdoramirez секілді боксшылармен спарринг өткіздім. Тәжірибе алмасу жақсы деңгейде өтіп жатыр.

Публикация от NB️🇰🇿 (@nurdauletovbekzad)

Бөлісу

.