Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі 30-қараша күні өтеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өткен құрамалар төрт себепке бөлісті.
Бірінші себет: Италия, Англия, Бельгия, Испания, Украина, Германия;
Екінші себет: Франция, Польша, Швейцария, Хорватия, Ресей, Голландия;
Үшінші себет: Португалия, Түркия, Дания, Австрия, Швеция, Чехия;
Төртінші себет: Финляндия, Уэльс және Ұлттар лигасы плей-офф сатысында озып шыққан 4 құрама орналасады.
Жеребе тарту рәсімі 30 қарашада Румыния астанасы — Бухарест қаласында өткізіледі.