25 қаңтар, Сенбі

Қазақстандық таеквондошылар Гран-При турнирдің финалында сынға түседі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық таеквондошылар Ресей астанасы Мәскеуде таеквондодан жылдың қорытынды рейтингілік турниріне қатысады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

6-7 желтоқсан күндері Гран-при додасының финалдық бәсекесіне Қазақстан сапынан үш спортшы жолдама алған. Гран-при турнирінің финалдық кезеңіне қатысу үшін спортшылар рейтингте үздіктер қатарына ену керек. Олимпиадалық рейтингке сәйкес, Дениз Жансель мен Смайыл Дүйсебай финалға тікелей жолдама алды.

Ал Руслан Жапаров Қытайдағы Бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңіске жеткен соң ғана финалға қатысу мүмкіндігін иеленді. «Мәскеудегі турнирде екі спортшымыздың Олимпиада жолдамасына қол жеткізетін мүмкіндігі бар. Егер Руслан Жапаров финалға шығып, өз салмағында жеңіске жетсе, 2020 жылғы Токио ойындарына лицензия алады. Ал Смайыл Дүйсебай ақтық сынға өтсе, финалда қандай нәтиже көрстеткеніне қарамастан, Олимпиада жолдамасына иелік етеді. Осы екі таеквондошымыздың мүмкіндігі әзірге жоғары. Ал Дениз Жансельдің жолдамаға ілігетін мүмкіндігі аз. Ол келесі жылдың сәуір айында өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысады», — дейді команданың аға бапкері Батырбек Есдәулетов.

Бұл күндері Дениз Жансель мен Смайыл Дүйсебай елде жаттығу өткізіп жатыр. Руслан Жапаров Оңтүстік Корея мемлекетінде дайындалуда.

Бөлісу

.