9 желтоқсан, Дүйсенбі

Зайнутдинов Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының ЕУРО-2020 іріктеудегі үздік сұрмергені атанды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еуропа чемпионатына іріктеудегі Шотландиямен болған соңғы ойында Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды соққан Бахтиер Зайнутдинов үздік сұрмерген атанды. Ресейлік «Ростов» клубының футболшысы үшін бұл гол іріктеудегі үшінші нәтижелі соққысы болды. Осыған дейін, 21 жастағы ойыншы дәл осы Шотландия мен Сан-Марино қақпасына бір-бір голдан соққан еді. Алексей Щеткин, Бауыржан Исламхан және Гафуржан Сүйімбаев екі доптан тоғытты.

Ал, іріктеудің үздік сұрмергені атағын еншісінде 12 голы бар Англия құрамасының шабуылшысы жеңіп алды.

Бөлісу

.