9 желтоқсан, Дүйсенбі

2020 жылы Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын барлық командалар анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан премьер-лигасының 2020 жылғы маусымында ойнайтын барлық командалар белгілі болды,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

2020 жылы Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын барлық командалар анықталды. Турнирде 12 клуб сынға түседі. Атап айтсақ, «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қайрат» (Алматы), «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ертіс» (Павлодар), «Шахтер» (Қарағанды), «Тараз», «Кызыл-Жар СК» (Петропавл) және «Каспий» (Ақтау).

Еске салайық, «Тараз» оралдық «Ақжайықты» шешуші матчтерде ұтып (0:0, 3:1) ҚПЛ-де қалды. Ал «Қызыл-Жар СК» және «Каспий» ҚПЛ-де «Атырау» мен «Ақтобе» орнында ойнайды.

Бөлісу

.