Қазақстандық спортшы Қуат «Найман» Хамитов (20-6) әлем чемпиондық белбеуді Қазақстанға әкелетінін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов Gorilla Fighting Championship тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, белбеуді елге әкелетінін айтты.
«13-желтоқсан күні Gorilla Fighting Championship тұжырымындағы алғашқы жекпе-жегімді чемпион Нурулло Алиевке (4-0) қарсы өткіземін. Қарсыласым өте жас, әрі мықты спортшы. Дегенмен 13-желтоқсан күні чемпиондық белбеуді Қазақстанға әкелемін. Менің басты мақсатым – Fight Nights Global тұжырымы мен Gorilla Fighting Championship тұжырымының чемпиондық белбеулерін иемдену», — деп жазды Қуат Хамитов Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов Fight Nights Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовқа (23-3-0) қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіліске ұшыраған болатын.