7 тамыз, Жұма

Жанқош Тұраров әлемдік рейтингте үздік 10 боксшының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында , — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аргентиналық Мауро Годоймен жұдырықтасып, WBO  Intercontinental белбеуін иемденген отандасымыз  WBO тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына енген болатын. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров тұжырымның жаңартылған рейтингінде 9-шы орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, 17 кездесуінде нокаутпен ұтқан.

Бөлісу

.