Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4КО) кезекті жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Рио Олимпиадасының чемпионы, Данияр Елеусінов кезекті кездесуін Дэниел Джейкобс – кіші Хулио Сесар Чавес жекпе-жегінің андеркардында өткізеді. Ол 20 желтоқсан күні Нью-Йоркте (АҚШ) әйгілі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға оралады.
Қарсыласы 28 жастағы боксшы Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жұдырықтасады. Америкалық боксшы бір уақытта WBC Continental Americas белбеуін иемденген. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Дэниел Джейкобс пен кіші Хулио Сесар Чавес жұдырықтасады.
Естеріңізге салайық, Данияр Елеусінов (8-0, 4КО) соңғы жекпе-жегін америкалық Решард Хикске (12-0-1, 6КО) қарсы өткізген. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Данияр қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.