15 Желтоқсан, Жексенбі

Қазақ спортшысы панкратионнан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық спортшы Дәурен Ермеков панкратионнан өткен әлем чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Италияның Рим қаласында өткен әлем біріншілігінде Arlan MMA Pro Team командасының өкілі қарсылас шақ келтірмей, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік,  Дәурен Ермеков 4 сәуірде  өтетін Fight Nights Global  тұжырымының кезекті турнирінде ресейлік Владимир Минеевке (12-1-1) қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығады. Дәурен Ермеков 2012 жылдан бері ММА спортында жүрген Ермеков 13 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген.

Бөлісу

.