15 Желтоқсан, Жексенбі

Жанқош Тұраров Golden Contract турниріне қатысудан бас тартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17KO) Golden Contract (Алтын келісімшарт) турниріне қатысудан бас тартты, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері MTK Global компаниясының ұйымдастыратын жарысына қатыспайды. Жанқош Тұраров 22 қараша күні Лондон қаласындағы «York Hall» спорт кешенінде өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізуі қажет болған.

Сондай-ақ турнирден швециялық боксшы Энтони Йигит (24-1-1, 8 КО) те бас тартты.

Айта кетейік, бұл салмақта турнирге Охара Дэвис (19-2, 14КО), Аким Эннис Браун (13-0, 1КО), Тайрон Макенна (19-1-1, 6КО), Энтони Йигит (24-1-1, 8КО), Мохамед Мимун (21-3, 2КО) қатарлы боксшылар қатысады.

Бөлісу

.