15 Желтоқсан, Жексенбі

15 боксшымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан спортшылардың есімі белгілі болды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстанның атынан қатысып жатқан 15 бірдей боксшымыз жарыстың  1/2 финалына жолдама алды. Олардың 9 жігіт және 6 қыз.

Жартылай финалға шыққан жігіттер: Базарбайұлы Мұхаммедсабыр (49 келі), Махмуд Сабырхан (52), Бейбарыс Жексен (56), Дархан Дүйсебай (64), Марғұлан Айдарұлы (69), Азамат Бектас (75), Ерасыл Жақпеков (81), Тоғамбай Сағындық (91) және Сабырғали Аманат (+91).

Қыздар — Анель Сакыш (51 келі), Ұлжанай Мамутова (60), Мая Бейсебаева (69), Арайлым Бақытжанқызы (81) және Гүлсая Ержан (+81).

Бөлісу

.