15 Желтоқсан, Жексенбі

Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында қай боксшылардан медаль күтетінін айтты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қай боксшыларымыз жүлдеге ілінетінін болжап көрді, — деп жазады Qsport.kz порталы.

— Құраманың көшбасшылары бар. Олар Абылайхан Жүсіпов ( 69 келіге дейін), Василий Левит (до 91), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары), әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (91 келіге дейін). Сондай-ақ Қайрат Ералиевті (56 келіге дейін) де атап өтуге болады, — деді Серік Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, әзірге бокстан Токио Олимпиадасының жолдамасы таратылған жоқ. Боксшыларымыз ақпан және мамыр айларында өтетін жарыстарда жолдама үшін таласады.

Бөлісу

.