12 тамыз, Сәрсенбі

Дамир Исмағұлов UFC тұжырымымен жаңа келісімшарт жасасты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Этникалық қазақ Дамир Исмағұловқа UFC тұжырымымен жаңа келісімшарт жасасты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Жеңіл салмақтың жұлдыздары өз араларында кім мықтыны анықтап жатса, Дамир Исмағұлов жеңіс шыңына жол салып жатыр. Қазақ ұлтынан шыққан ресейлік спортшы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізді. Осы уақытта үш кездесу өткізіп, үшеуін де төрешілердің шешімімен жеңді.

Исмағұлов промоушеннен бес жекпе-жекке келісімшартты алып, әзірге қай салмақта жұдырықтасатынын ойланып жатыр. 28 жастағы спортшы жартылай жеңіл салмаққа түсуге дайын, — деп жазады ресейлік Rsport.ria.ru сайты.

Айта кетейік,  M-1 Global ұйымының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Дамир Исмағұлов 31 тамыз күні Қытайдың Шеньжень қаласында өткен UFC Fight Night 157 турниріндегі бразилиялық спортшы Тиаго Мойзесті (12-3) жеңді.

Бөлісу

.