15 Желтоқсан, Жексенбі

«Қайрат» Адеринсола Эсеоламен жаңа келісімшарт жасасты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Биылғы маусымның үздік сұрмергені украиналық Адеринсола Эсеола алматылық «Қайрат» командасымен жаңа келісімшартқа отырды, –деп хабарлайды  Qsport.kz порталы клубтың баспасөз клубына сілтеме жасап. 

Адеринсола Эсеола «Қайратпен» жаңа келісімшарт жасасты. Жаңа еңбек келісімшарты бойынша шабуылшы екі маусым, яғни 2021 жылға дейін доп тебеді.

Айта кетейік, Адеринсола Эсеола «Қайратқа» 2018 жылдың маусым айында келген. Ол бір жарым маусым ішінде алматылық клуб сапында 54 матч өткізіп, 33 гол соқты.

Бөлісу

.