15 Желтоқсан, Жексенбі

Жылдың үздіктері анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Премьер-лига

Үздік қақпашы – Дмитрий Непогодов («Ордабасы»)

Үздік қорғаушы – Дмитрий Шомко («Астана»)

Үздік жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан («Қайрат»)

Үздік шабуылшы – Абат Айымбетов («Ақтөбе»)

Үздік сұрмергендер – Адеринсола Эсеола («Қайрат») және Марин Томасов («Астана») – 19 голдан.

Үздік ойыншы – Марин Томасов («Астана»)

Үздік бапкер – Стойчо Младенов («Қайсар»)

Маусымның үздік голы – Тоқтар Жаңғылышбайдың («Ордабасы») «Астана» қақпасына соққан голы.

Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік ойыншысы – Бауыржан Исламхан

Арнайы номинациялар:

Әйелдер футболы мен оның инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін – БИІК компаниясының президенті Әбдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы; 

Әйелдер футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева;

Әуесқой футбол мен инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін – Нұр-Сұлтан қаласының «Сайран Арена» директоры Қожахметов Талғат Сайранұлы;

Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов;

Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов;

Балалар және жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін – «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесі төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлы;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлы;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-қақпашысы Давид Лория;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-капитаны, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов.

Бөлісу

.