9 желтоқсан, Дүйсенбі

Жәнібек Әлімханұлы: Әлемді шулатып, тарихта қалатын күн де алыс емес

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) канадалық қарсыласын ұтқаннан соң үлкен жекпе-жектерге дайын екенін айтты,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— «Қазақ стилінің» мықты екенін әлемге тағы бір дәлелдедік. Чемпиондарға дайын екенімізді көрсеттік. Екі белбеуді қорғап қалдық. Бұйыртса рейтингте жоғарылаймыз. Әлемді шулатып, тарихта қалатын күн де алыс емес. Біз Америкаға тарих жасау үшін келдік. Мақсатымыз осы. Оған жетуге де аз қалды. Қолдауларыңызға, сенім білдіргендеріңізге көп рақмет, ағайын. Сіздер де біздің командамызсыздар. Сіздермен қуанамыз. Бірге әлі талай қызықтар жасаймыз— деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, канадалық қарсыласын ұтқаннан соң Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлемдік рейтингте жоғарылады.

Бөлісу

.