15 Желтоқсан, Жексенбі

Мадияр Әшкеев: Тек үздіктермен жекпе-жекке шыққым келеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық қарсыласын ұтқаннан соң мәлімдеме жасады,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Ассалаумағалейкум! 14-ші жеңісімді Қазақ еліне арнаймын. 43 жекпе-жегін ұтқан аргентиналықпен айқасу оңай болған жоқ. Мені жеңіске жеткізген — төккен терім, қазақтың намысы мен елдің қолдауы, Жаңа WBC (USNBC) чемпиондық белбеуі маған үлкен жол ашады. 2020 жылы бірінші орта салмақтағы негізгі титулдар жолында тек үздіктермен жекпе-жекке шыққым келеді. Мені қолдауға келген АҚШ-тағы қазақ боксшы бауырларыммен мен қарапайым жанкүйерлердің ықыласына мың рақмет! — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев 43 рет жеңіске жеткен аргентиналық боксшы Родольфо Эзикель Мартинес үш рет нокдаунға түсірген соң, оның қарсыласы алтыншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Бөлісу

.