25 қаңтар, Сенбі

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте көтерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық Елена Рыбакина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді. Бұл осыған дейін 37-сатыда тұрған 20 жасар теннисшінің үздік көрсеткіші саналады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бұрынғы 34-інші, ал Зарина Дияс 78-орнында қалды.

Айта кетейік, дүниежүзілік рейтинг көшін бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти бастап келеді. Чехиялық Каролина Плишкова — екінші, жапониялық Наоми Осака — үшінші орында.

Бөлісу

.