7 тамыз, Жұма

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық  кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Boxrec.com рейтингінде көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы  әлемдік рейтингінде жоғарылады. WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін қорғау үшін Жәнібек Әлімханұлы 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Осы жеңістен кейін отандасымыз 66-орыннан 55-орынға көтерілді.

Айта кетейік, канадалық қарсыласын ұтқаннан соң Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) чемпиондармен жұдырықтасы келетінін айтты.

Бөлісу

.