22 қараша, Жұма

Алматыда WT Таеквондодан ашық республикалық турнир өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қараша айының  12-і мен 13-і күндері Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында  WT Таеквондодан «Жеңіс» кәсіби спорт клубының кубогы ашық республикалық турнирі өтеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл турнирде Қазақстаннның әр аймағынан келген мықты спортшылар өнер көрсетеді. WT Таеквондо ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. 11-і күні 12:00-17:00-ге дейін салмақ өлшеу, жарыс 12-сі сағат 09:00-де басталады, ашылу салтанаты 17:00-де.

Турнирдін басты мақсаты елімізде шығыс жекпе-жегі таеквондо спорт түрін дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Бөлісу

.