22 қараша, Жұма

Қазақстан шахматтан жасөспірімдер Олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Түркияның Чорум қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 4 орын алды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарысқа әлемнің 48 елінен келген үздік командалар қатысты. Қазақстан құрамасы командалық есепте 9 ойынның біреуінде ғана жеңіліп, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларуссиядан ұпай саны бойынша ұтылды.

«Иә, бұл біздің жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең жақсы нәтижесі, бірақ біз одан да жақсы ойнайтын едік. Тек сәттілік жеткіліксіз болды, — дейді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов. — Дегенмен, бұл жақсы бастама екеніне сенімдімін, енді бұл жолақтан айырылуға құқығымыз жоқ».

Әр командадан 4 ойыншы қатысты: үш ұл және бір қыз. Қазақстан құрамасынан Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева, Арыстан Исанжулов және Нұрғали Назерке қатысты. Айта кету керек, Бибісара екінші ерлер тақтасында ойнады.

«Бұл Олимпиада өте маңызды болды, — дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, — жеке жарыста қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды. Қыздар арасында Нұрғали Назерке мен Бибісара Асаубаева 2 және 3-ші орындарды иеленді. Арыстан Исанжулов үшінші тақтада үздік атанды, ал Назерке Нұрғали төртінші тақтада қола жүлдеге ие болды.

Бөлісу

.