22 қараша, Жұма

Қазақ боксшысы 19 мәрте жеңіске жеткен африкалықпен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Әбілхайыр Шегалиев (7-0, 4КО) жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әбілхайыр Шегалиев 22 қазан күні Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

BoxRec мәліметінше,  Әбілхайыр Шегалиев 39 жастағы угандалық боксшы Мухамад Себьяламен (19-12-1, 16 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Әбілхайыр Шегалиев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 12 қазан күні Алматы қаласында грузиялық Сандро Джаджанидзеге қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Бөлісу

.